ACeSYRI жобасы бойынша консультациялық-мониторингтік кездесу

22-23 тамыз күндері Suleyman Demirel University-нде (Қаскелен қаласы) Erasmus+ бағдарламасының ACeSYRI жобасы бойынша консультациялық-мониторингтік кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты – жобаның іске асырылуын мониторингілеумен қатар эксперттік кездесуге дайындық.

Кездесу барысында жобаның сапа бойынша офицері Сұлтанова Замзагуль жобаның ағымдағы іске асырылуы жағдайы бойынша презентация жасады. ACeSYRI жобасының Suleyman Demirel University-нің оқу істері жөніндегі проректоры Андрей Богданчиков басқаратын команда мүшелері жобаның университетте іске асырылуы туралы баяндады. Екінші күні жас ғалымдар сауалнамасын ұйымдастыру және сыртқы сараптамалық бағалау процедурасы үшін бағалау формаларын толтыру сұрақтарын талқылады. Сонымен қатар жоба консорциумының эксперттік жиналысын Suleyman Demirel University-нде өткізу талқыланды. Кездесу ACeSYRI лабораториясының қызметімен танысумен аяқталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу