Әскери кафедра
Кафедра тарихы және білім беру салалары

Кафедра тарихы және білім беру саласы

Әскери кафедра М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1249 қаулысымен құрылды.

Әскери кафедра Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 мамырдағы № 551 қаулысымен құрылды.

Әр уақытта кафедраны полковник Коңиров Асқар Жангирович, полковник Досмухамбетов Руслан Казбекович, полковник Мухаметкалиев Бакытжан Куттыбаевич басқарды, 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін запастағы полковник Досмухамбетов Руслан Казбекович кафедра бастығы болып табылады.

Кафедра құрылған жылы “Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану” мамандығы бойынша 700 студент қабылданды.

2012 жылдан бастап кафедра ҚР Әскери-теңіз күштері үшін мамандар даярлай бастады, ал 2016 жылдан бастап Құрлық әскерлері үшін мамандар даярлауға қайта кірісті.

Әскери кафедраның құрылуына ардагер оқытушылар В.О.Кекк, П.Н. Нужденко, В.Т. Жевтяк, Ю.Л. Чернышов, М.И. Лаптев, Н.И. Шаблыко, ОКҚжИТҚ – Н.И. Аккереев А.М. Утепкалиев, Г.З. Тажгулов үлкен үлестерін қосты.

Қазіргі уақытта кафедрада әскерлер мен оқу орындарында практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті педагогтар жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта кафедра жаңа дамуға ие болды. Жаңа мамандықтар ашылды, әскери дайындықтан өтетін студенттер саны жыл сайын артып келеді, оқу-материалдық база жетілдірілуде.

Әскери кафедрада: саптық плац, тактикалық алаң, атыс және инженерлік қалашық, спорттық қалашық, электронды интерактивті тир, әскери техника, жабдықталған класстар, әскери-техникалық мүлік, кітапхана бар.

Әскери кафедра студенттерді әскери даярлау саласында Орал қаласының ӘТМ, “БҚМК” АҚ, “Батыс” РМҚК, ҚазҰУ әскери кафедрасымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Оспанов атындағы “БҚМУ КЕАҚ”, 5517 Орал және 30238 Ақтөбе әскери бөлімдерімен ынтымақтасады және өзара қызмет жасайды.

2001 жылдан бастап 3314 запастағы лейтенант және 959 запастағы сержант дайындалды. Оның ішінде 100-ден астам адам ҚР ҚК қатарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды, 80 адам әскери қызметін жалғастыруда, 220-дан астам адам басқа әскерлер мен әскери құралымдардың офицерлері ретінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етуде. Олардың бір бөлігі әскери бөлімдерде, негізінен “Батыс” РМҚК және ҚР ІІМ бөлімдерінде қызметін жалғастыруда.

Дайындық бағыты

Әскери кафедра өз қызметін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі 2020 жылғы 24 шілдедегі бекітілген “запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларына” сәйкес жүзеге асырады.

Әскери кафедра запастағы офицерлерді келесі мамандықтар бойынша даярлайды:

  • Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;
  • Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлің қолдану;
  • Инженерлік – саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;
  • Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру;
  • Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру;
  • Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу;
  • Жалпы минаатқыштар бөлімшелерін жауынгерлік қолдану;
  • Жерүсті артиллериясының бөлімшелерін; бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану;
  • Ветеринарлық-санитарлық сараптама.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап запастағы сержанттарды келесі мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асырады

  • Атқыштық (Бөлімше командирі);
  • Автомобильдер (Автомобиль техникасын пайдалану);
  • Орта қуатты қысқатолқынды станциялар;

Студенттердің әскери дайындығы оқытудың қосымша түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқыту курстарынан, жас студенттерге арналған оқу жинағынан немесе қыз студенттерге арналған кәсіптік практикадан тұрады. Қыздар запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша, “Құрлық әскерлерінде байланыс ұйымдастыру”мамандығы бойынша оқиды. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық тегін және ақылы негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.

Оқу мерзімі:

  • запастағы офицерлер-2 жыл;
  • запастағы сержанттар-1 жыл.

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы
25 қарашадағы № 1647 «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы «ҚР ҚМ 24.07.2017 ж. № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының 38-тармағына сәйкес, запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлық курсын тәмәмдайтын студенттерімен әскери ант қабылдау рәсімі 2026 жылдың 4-6 мамыр аралығында Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында өтетінін хабарлаймыз.

Хабарландыру

«Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына» сәйкес, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді (ер балалар мен қыздар) қабылдайды. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.

  • Әскери кафедрада оқу:
  • запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу 2 жыл 5 ай жүргізіледі;
  • БҚАТУ студенттері үшін – тегін негізде;
  • басқа жоғары оқу орындарының студенттері үшін – ақылы негізде;
  • запастағы сержанттарды даярлау бойынша оқу 1 жыл 5 ай жүргізіледі – ақылы негізде.
  • Өтініштерді қабылдау 2026 жылдың 2 ақпанынан бастап 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады:
  • запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар келесі студенттерден қабылданады     (ер балалар және қыздар):
  • бірінші курс (3 жылдық оқумен);
  • бірінші, екінші курстар (4 жылдық оқумен);
  • бірінші, екінші және үшінші курстар (5 жылдық оқумен).
  • Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар келесі студенттерден қабылданады:
  • бірінші курс (2 жылдық оқумен);
  • бірінші және екінші курстар (3 жылдық оқумен);
  • бірінші, екінші және үшінші курстар (4 жылдық оқумен);
  • бірінші, екінші және үшінші курстар (5 жылдық оқумен).
  • Өтініштерді қабылдау тәртібі:
  • өтінішті электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы беру қажет.

Оқуға түсу жөніндегі сұрақтар бойыншаәскери кафедраға жолығыңыз: Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51, Политехникалық институт ғимараты, «Б» блогы, байланыс телефондары: 50-16-57 (ішкі тел. 2-25), vk_zkatu@mail.ru                                                                                                     

Әскери кафедра

                                                                

Оқытушылар
Байланыс
Досмұхамбетов Руслан Қазбекұлы
Әскери кафедра бастығы, запастағы полковник
Телефон: 8-7112-50-16-57 (2-25)
Кангельдиев Калеш Саинович
Әскери кафедра бастығының орынбасары, запастағы подполковник
Телефон: 8-7112-50-16-57
Жумагалиев Рамин Зинулович
Әскери кафедраның тактика және жалпы әскери пәндер циклының бастығы, запастағы подполковник
Телефон: 8-7112-50-16-57
Моругов Александр Владимирович
"Арнайы пәндер" циклінің бастығы, запастағы майор
Телефон: 8-7112-50-16-57
Loading…