«Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы офицер бейбіт және соғыс уақытында бөлімдер мен бөлімшелерде, бастапқы офицерлік лауазымдарда қызмет өткеруге арналған.
Біліктілік талаптар
Запастағы офицер:
жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы, бағыныштыларды оқытуда және тәрбиелеуде әскери педагогика қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек
бейбіт және соғыс уақытында әскери автомобиль техникасын пайдалануды ұйымдастыруды;
ҚР ҚК қабылданған техникалық қызмет көрсету жүйесін, жылжымалы техникалық қызмет көрсету құралдарын;
әскери автомобиль техникасын сақтауды ұйымдастыруды; әскери автомобиль техникасының жай-күйін тексеруді және бағалау тәртібін;
парк қызметін ұйымдастыруды және әскери автомобиль техникасын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын.
Істей алуы қажет:
бөлімше машиналарының тұрақты жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуді және қолдауды;
жылжымалы және стационарлық құралдарды пайдалана отырып, техникалық диагностикалауды және техникалық қызмет көрсетуді орындауды;
әскери автомобиль техникасын есепке алу, есептен шығару және пайдалануды жоспарлау жөніндегі құжаттаманы жүргізуді;
жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуді.
Дағдыларды пысықтауы керек
машиналарды ақаусыз күйде тұрақты ұстауда;
машиналарды техникалық тұрғыдан дұрыс, тиімді және үнемді пайдалануда;
машиналарға уақытында техникалық қызмет көрсетуде.
Әскери атағы
Запастағы лейтенант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51