Жалпы минаатқыштар бөлімшелерін жауынгерлік қолдану

Оқу мерзімі
2 жыл
Тағайындалуы
«Жалпы минаатқыштар бөлімшелерін жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы офицер бейбіт және соғыс уақытында артиллерия бөлімдері мен бөлімшелерінде, бастапқы офицерлік лауазымдарда қызмет өткеруге арналған.
Біліктілік талаптар
Запастағы офицер:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы, бағыныштыларды оқытуда және тәрбиелеуде әскери педагогика қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • артиллериялық жүйелер мен олардың оқ-дәрілерінің, артиллериялық бөлімшелердің есебінде тұрған аспаптардың мақсатын, жалпы құрылысы мен тактикалық-техникалық сипаттамаларын;
  • артиллериялық қару-жарақты пайдаланудың, күтіп-ұстаудың, жинаудың және сақтаудың негізгі ережелері мен қағидаларын;
  • зеңбіректі қарау, атысқа және маршқа дайындау, артиллериялық қару-жарақты жинау, сақтау және пайдалану ережелері бойынша практикалық дағдыларды.
  • Істей алуы қажет:
  • взводтың жоғары жауынгерлік дайындығын қолдауды;
  • ұрыстың әртүрлі түрлерінде взводтың жауынгерлік іс-қимылдарын ұйымдастыру және басқаруды;
  • жауынгерлік тәртіпті, атысты жүргізу және жауынгерлік тәртіпті ауыстыру кезінде взводты басқару, жауынгерлік қолдануға материалдық құралдарды, аспаптар мен қару-жарақты дайындауды.
  • Дағдыларды пысықтауы керек:
  • миноатқыш взвод артиллеристінің жауынгерлік қолдану қағидаларын, Құрлық әскерлері бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу қағидаларын білетін және артиллериялық бөлімшелердің жауынгерлік міндеттерін шешу кезінде олардың ережелерін қолдана алатын запастағы офицер – артиллеристі даярлауда;
  • взводтың жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдауда.
Әскери атағы
Запастағы лейтенант