Ветеринарлық-санитарлық сараптама

Оқу мерзімі
2 жыл
Тағайындалуы
«Ветеринарлық-санитарлық сараптама» мамандығы бойынша әскери кафедрада дайындықтан өткен запастағы офицер – бейбіт және әскери кезеңде кіші буын командирлері ретінде әскери қызмет ету үшін дайындалған.
Біліктілік талаптар
Запастағы офицер:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, атыс және техникалық дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы, бағыныштыларды оқытуда және тәрбиелеуде әскери педагогика қолдануы тиіс;
  • жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылау саласындағы мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық-санитариялық қызметтің қағидалары мен міндеттерін, әскерлердің жеке құрамын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау жөніндегі ветеринариялық қызметтің іс-шараларын білуі қажет.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыстың негіздерін, ұрысты ұйымдастыруды және жүргізуді;
  • ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихын, құрылымын, даму міндеттері мен перспективаларын, ҚР ҚК түрлерінің рөлі мен мақсатын;
  • қазіргі заманғы соғыстың сипатын, сол кезде қолданылатын қарулы күрес құралдарын, қазіргі жалпыәскери ұрыстың негіздері мен оның негізгі түрлерін;
  • ұрыстағы бөлімшелерді басқару тәсілдері мен құралдарын;
  • қару-жарақтың мақсаты, тактикалық-техникалық сипаттамалары және жалпы құрылысын, ЖҰМ қару-жарағының мақсаты мен жауынгерлік мүмкіндіктерін.
  • Істей алуы қажет:
  • бөлімшенің, взводтың ұрысын ұйымдастыруды және ұрыста бөлімшелерді басқаруды;
  • атыс даярлығы бойынша сабақтарда оқу құралдары мен техникалық оқыту құралдарын қолдануды;
  • оқ атуды және бағдарламада көрсетілген атыс жаттығуларын орындауды;
  • күндіз-түні ұрыстың әртүрлі түрлерінде взвод атысын басқаруды;
  • ветеринарлық қызметтің жағдайын талдау және бағалау;
  • мекемеде ветеринариялық қызмет бойынша жұмылдыру жұмыстарын жүргізу;
  • ветеринарлық қызметті ұйымдастыру, есепке алу және есеп беру.
  • Дағдыларды пысықтауы керек:
  • мотоатқыштар взводымен жалпыәскери ұрыстың негізгі түрлерін ұйымдастыруда, басқару, қамтамасыз ету және өзара іс-қимыл мәселелерін шешуде;
  • мотоатқыштар бөлімшесінің, взводтың қорғаныс және шабуылдағы жауынгерлік мүмкіндіктерін есептеуде;
  • атыс жаттығулары мен оқ атулар барысында қарумен сенімді іс-қимылдарда;
  • ЖҰМ-ды пайдалануда, техникалық қызмет көрсетуде, жөндеуді жүргізуде.
Әскери атағы
Запастағы лейтенант