Жәңгір хан университетінің студенттері Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы С.Нұртазаевпен кездесті. «Болашақ» бағдарламасының түлегімен жүздесуді Ақпараттық технологиялар жоғары мектебі ұйымдастырды. Дәріс «Батыс Қазақстан облысын цифрландыру» тақырыбына арналды.
Кездесу дәрісіне шақырылған қонақ аймақтың географиялық ақпараттық жүйесі жайында айтып, білім алушыларды «Ашық әкімдік», «Smart Uralsk» қосымшаларымен, «IKOMEK» чат-ботының жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ ол жедел және шұғыл қызметтердің бірыңғай байланыс орталықтарының цифрлық құрылым жүйесі, BILIMBOOK, мектептердің KUNDELIK.KZ онлайн журналына тіркелуі мен пайдалануы, INFOBUS көлік қатынасының цифрландырылуы, IT HUB шағын индустриалды аймақтың негізі туралы да ақпараттармен бөлісті.