Жәңгір хан университетінің студенті Сабина Құлымбетова самбодан Азия чемпионы атанды

Филиппин елінің астанасы Манила қаласында өтіп жатқан самбодан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде батысқазақстандық спортшы, Жәңгір хан университетінің студенті Сабина Құлымбетова алтын жүлдеге ие болды.

«+80 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Жеңіс құтты болсын! Алдағы жарыстарда да көк туымыз биікте желбірей берсін!», – деп жазды «Жайық балуандары» спорт клубы.

Айта кетейік, Сабина Құлымбетова – «дене шынықтыру және спорт» мамандығының І курс студенті.