Білім беру бағдарламаларын өзектендіру

«Сапалы білім» – БҰҰ 2030 жылға дейінгі кезеңде белгілеген орнықты даму саласындағы 17 мақсаттың бірі. «Сапалы білім» – лайықты өмірдің негізі ретінде – кәсіби ортада және қоғамда сәттілікке кепілдік береді. Білім беру сапасын бағалау факторлары: білім беру бағдарламасының мазмұны; оқыту әдістері мен сапасы; цифрлық технологияларды қоса алғанда, заманауи білім беру технологияларының болуы; оқыту нәтижелері болып табылады. Осы аспектілердің барлығы білім беру бағдарламасының мазмұнына кіреді және үнемі жаңартуды қажет етеді.

Осы мақсатта, 2025 жылдың 26-27 ақпанында Білім беру менеджменті және мониторинг басқармасы университеттің білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша іс-шаралар-талқылаулар өткізді. Кәсіби маңызды құзыреттерді анықтауға, оқыту нәтижелері мен бағалау критерийлерінің өзара байланысын анықтауға, ресурстарға қажеттілікті анықтауға бағытталған білім беру бағдарламаларын жобалауға бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысты.

«Бенчмаркинг» маркетингтік құралын пайдалана отырып, QS by Subject және THE by Subject білім беру саласындағы ең беделді ТОП-500 рейтингтің құрамына кіретін басқа университеттердің табысты тәжірибесін зерделеу және талдау алгоритмі әзірленді.

Білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ ЖББДҰО білім беру бағдарламаларының сарапшысы және әзірлеушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.А.Скибаның қатысуымен ұйымдастырылған тренингте талқыланды. Өз сөзінде ол ҚР ҒЖБМ ЖББДҰО «Білім беру бағдарламаларының Тізіліміне» енгізілген бағдарламалардың статистикасы мен ерекшеліктерін талдап, өзекті тенденцияларға назар аударды және «ҚР жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласы» негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу алгоритмін ұсынды. Талқылау барысында кадрларды даярлау бағыттары: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мұнай-газ секторы, экономика және т.б. бойынша білім беру бағдарламаларына, оның ішінде ҚР ҒЖБМ ЖББДҰО «Білім беру бағдарламаларының Тізіліміне» енгізілген университеттің білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдаулар жүргізілді. Тренингке қатысушылар жаңа инновациялық бағдарламаларды әзірлеу және қолданыстағы білім беру бағдарламаларын өзектендіру, кәсіби стандарттар, жаңартылған бағдарламаларды аккредиттеу туралы және т.б. сұрақтар қойды, барлық сұрақтарға толық жауаптар алды.

Кездесулер ынтымақтастық пен өзара қызығушылық жағдайында өтті.

📚 Loading…