9 қараша күні Жәңгір хан университетінде дәстүрлі «Бірінші курс» іс-шарасы өтті. Биылғы іс-шара университеттің 60 жылдығына арналды.
Шараны университеттің Жастар бастамасын дамыту орталығы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл шараның мақсаты – шығармашыл жастар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін қалыптастыру, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және оларды мәдени, қоғамдық-саяси өмірге тарту. Сайысқа қатысқан әр институттың бірінші курс білім алушылары «Заманауи және патриоттық ән», «Қазақ ұлттық және заманауи бағыттағы хореография», «Жайдарман ойыны», «Аспаптарда ойнау», «Көркем сөз оқу», «Режиссура», «Жүргізушілер», «Бейнеролик», «Үздік мобилограф» сынды аталымдар бойынша өнерлерін көрсетті. Байқауға өңірімізге танымал өнер иелері әділ қазылық етті. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.