Жәңгір хан университетінде 8 қыркүйек күні «West Startup Incubator» бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен инновациялық жобалар мен стартаптың Демо-күнін өткізді.
«QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен гранттық келісім шеңберінде өткізілген іс-шара бірінші бизнес-инкубациялық бағдарламасына арналды. Грантты іске асыруда стартаптарды бизнес-инкубациялау және сертификаттар беру арқылы технологияларды коммерцияландыру конкурстарына қатысу үшін жобаларды дайындау бойынша тегін оқыту жүргізілді. Жобаларды бизнес-инкубациялау сертификаты технологияларды коммерцияландыру бойынша «Qazinnovation» АҚ-ның конкурсына қатысуға мүмкіндік береді. Грант сомасы 20 млн. теңгеге дейін болады.
Шараға қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ түрлі сала мамандары шақырылды. Іс-шара стартап-жобаларды дайындауға, жинақтап, одан әрі нарықта жандандыруға бағытталды. Сарапшылар – бизнес жобаларды ілгерілету және коммерцияландыруда практикалық тәжірибесі бар жоғары кәсіби тәлімгерлер. Сонымен қатар төмендегідей оқыту модульдерін қамтыған тренингтер өткізілді: өнімнің нарықтық үлесін және әлеуетті мақсатты аудиторияны анықтау; жобалардың бизнес үлгілерін әзірлеу; жобаның қаржылық моделін құру; зияткерлік меншікті қорғау және ұтымды пайдалану; әлеуетті бизнес серіктестерге таныстыру үшін жобаларды дайындау және т.б.
Таныстыру іс-шарасы аясында диалог алаңы, атап айтқанда инновациялық жобалар көрмесі мен тұсаукесер ұйымдастырылды. Бизнес-инкубациялау бағдарламасына қатысушылар ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау, IT және басқа да экономиканың әртүрлі салаларына қатысты стартап жобаларын ұсынды. Нәтижесінде тренингке қатысушылар инновациялық жобаларының немесе стартаптарының идеясын жақсартты; сарапшылар мен тәжірибелі кәсіпкерлерден кеңес алды; жеке трекермен жұмыс жасады; жеке стартабының нақты көрінісін жасады; команда құрды; алғашқы инвестициялар тартты; пікірлес адамдар қауымдастығын құрды. Бұл іс-шарада әлеуетті іскер серіктестермен және инвесторлармен жеке кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен іс-шаралар шарттарын жасады, соның ішінде коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға қадам жасалды.