«Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушылары «Жалпы және тарихи геология» пәнінен сабақта алған теориялық білімдерін бекіту мақсатында бор өңдейтін ашық карьерге («Бор таулары») геологиялық танысу экскурсиясын жүргізді. «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің оқытушылары Роза Джусупкалиева және Алтынай Купешованың жетекшілігімен өткен танысу жұмысында студенттер кен орындарын ашық әдіспен өндіру жүйесімен, борды іріктеу және шығару реттілігімен және зауыттың пайдаланатын жабдықтарымен (экскаваторлар, агрегаттар және т.б.) танысты. Сонымен қатар, білім алушылар бор дәуірінен жойылған теңіз жануарларының қалдықтарын, сол кезеңдегі белемниттер мен молюскалардың қалдықтарын және ежелгі Каспийдің жылы теңіздерінде өмір сүрген теңіз кірпілерінің қалдықтарын тауып, геологиялық балғамен жұмыс істеуді үйренді. Болашақ геологтар оқытушыларымен бірге бор тау жыныстарының тарихи қалдықтарын іздеп тауып, ажыратып, органикалық заттардың қалдықтарының қалай сақталатынын үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Бор тауына геологиялық экскурсия
01-06-2022
276
Көп оқылғандар
-
Халықаралық конференция өтті апта
1 657 10.04.2026 -
Таразда Қазақстанның оңтүстігінде қымыз фермаларын дамыту перспективалары...
769 24.04.2026 -
Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің доценті дәріс оқыды
765 13.04.2026 -
Ғалымдар халықаралық семинарға қатысты
755 23.04.2026 -
ҚХР елшілігі өкілдерімен кездесу
676 22.04.2026
Жоғары


