Жәңгір хан университеті делегациясы 24-27 мамыр аралығында Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде өтіп жатқан «Газ. Мұнай. Технологиялар» іс-шарасына қатысуда.
Ресейдің мұнай-газ химиясы саласындағы ең ірі мамандандырылған шарасына біздің университетімізден Басқарма төрағасы-ректордың орынбасары-ғылым жөніндегі проректор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты – Әлжан Шәмшідін, «Индустриалды-технологиялық институтының» директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор – Сәрсенбек Монтаев, «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің жетекшісі – Баян Хамзина, Білім беру менеджменті және мониторингі басқармасының басшысы, техника ғылымдарының кандидаты – Майра Алмағамбетова қатысуда.
Көрме аясында жоғары оқу орындары мен «Газпром» ЖАҚ-тың қазіргі жағдайдағы консорциумдық өзара іс-қимылының перспективаларын қарастыруға арналған дөңгелек үстел өткізілуде. Күн тәртібіне «Газпром» ЖАҚ еншілес кәсіпорындары үшін мамандар даярлаудың үздік тәжірибелерімен, импортты алмастыру технологияларын дамытумен, көміртегі жүктемесін төмендетумен, газ саласындағы цифрлық шешімдермен байланысты мәселелер енгізілген.
Ағымдағы жылдың іскерлік бағдарламасы шеңберінде іс-шаралар жоспарланған, оның шеңберінде мұнай-газ кешеніндегі декарбонизация, сала кәсіпорындарын цифрлық трансформациялау және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.