Кеше университетімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Нәтиже. Жетістік. Болашаққа бағдар» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысының ашылуына университеттің басқарма төрағасы-ректордың орынбасары, ғылым жөніндегі проректор Әлжан Шәмшідін қатысты. Проректор жиынға қатысушыларды алдағы ұлы мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында отандық ғылымның дамып, бұл салада көптеген жетістіктер орын алғанын атап өтті.
Бұдан әрі конференцияның секциялық кезеңі институттарда ұйымдастырылды. Мұнда «Жерді пайдалану, өсімдік шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі салаларындағы өзекті мәселелер», «Экономиканы қайта құру және қазіргі заманның сын-қатері», «Ғылым мен техниканың дамуы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер», «Биотехнология және ветеринария салаларының қазіргі жай-күйі» мәселелері талқыланды.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша барлық материалдар арнайы жинаққа топтастырылды. Жалпы жиынға 105 баяндама ұсынылса, соның бесеуі – ресейлік жоғары оқу орындарының ғалымдарынан келіп түсті.