«Тәуелсіздік – мемлекет тұрақтылығының кепілі»

3 желтоқсанда «Мұнай, газ және химиялық инженерия»  жоғары мектебінің оқытушыларының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік – мемлекет тұрақтылығының кепілі» тақырыбында жоғары мектеп 1-4 курс білім алушыларымен мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Индустриалды-технологиялық институты директорының орынбасары А.Ф. Уразова, жоғары мектеп жетекшісі Б.Е. Хамзина  сөз сөйлеп,  Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ұйымдастырушы  оқытушылар мен белсенді білім алушыларға алғыстарын білдірді.

Мерекеге орай «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты жар газетінен білім алушылар топтары арасында сайыс ұйымдастырылды. Іс шара барысында қазылар алқасының шешімімен әр топ мақтау қағазымен марапатталды.

Концерттік бағдарлама аясында Желтоқсан туралы көріністер қойылып, әндер шырқалды.

📚 Loading…