16-18 қазан аралығында “Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары” жоғары мектебінің ТПР-43 топ студенттеріне «Макарон өндірісінің технологиясы» және «Нан өндірісінің технологиясы», ТПР-31 топ студенттеріне “Қайта өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы” пәндерінен практикаға бағытталған зертханалық сабақтары өткізілді.
Білім алушылар жергілікті макарон және нан өнімдерінің органолептикалық, физика-химиялық сапалық көрсеткіштерін бағалай отырып, алынған жергілікті макарон және нан өнімдерінің стандарт талаптарына жауап беретінін анықтады. Сабақты жоғары мектептің аға оқытушысы, PhD доктор Г.А.Умирзакова жүргізді.