Әсерлі кеш, жылы жүздесу

Университетіміздің  60 жылдық мерей тойына орай Политехникалық институтта ардагер ұстаздармен кездесу кеші өткізілді.

Кешті «Жалпы техникалық дайындық орталығының» аға оқытушылары Асыл Мақымқызы Бисенғалиева, Қайрлы Оқасқызы Дюсегалиева, Гүлмира Сапарбекқызы Сайфутдинова ұйымдастырды. 

Ел қамын ойлап, елеулі еңбек сіңірген абыройлы жанды қоғам әр уақытта жоғары бағалайды. Кездесу кешіне ерекше істерімен, ақыл- парасаттарымен, адамгершілік асыл қасиеттерімен, беделдерімен жұртшылыққа танылған еңбек ардагерлері, ұлағатты ұстаздар – «Техника және инженерлік қорғау» жоғары мектебінің доценті Бралиев Майдан Қабатайұлы, «Электротехника және автомотика» жоғары мектебінің профессоры,  техника ғылымдарының докторы Айталиев Ермек Сәтпайұлы, «Жалпы техникалық дайындық» орталығының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты  Нуралин Бекет Нұрғалиұлы шақырылды.

Қонақтарға институттың 1-курс білім алушылары көкейдегі сұрақтарын қойып, әсерлі жүздесу болды. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде көптеген  жетістіктерге жеткен аға буын өкілдері өмір жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Кеш соңында жастар кездесуден алған шексіз әсерлерін, мамандық таңдауда қателеспегендерін айтып, алғыстарын жаудырды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу