Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Ветеринария және агротехнология институты

1. Дайындық бағыты: Өндірістік және өңдеуші салалар

«Тағам өнімдерін өндіру» білім беру бағдарламалары тобы (БББТ) – 1 оқытушы (магистр).

Индустриалды-технологиялық институт

1. Дайындық бағыты: Өндірістік және өңдеуші салалар

«Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» БББТ – 1 аға оқытушы (магистр немесе PhD докторы, ғылым кандидаты);

«Мұнай-газ ісі» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты), 1 оқытушы (магистр).

2. Дайындық бағыты: Сәулет және құрылыс

«Сәулет» БББТ – 1 аға оқытушы (магистр немесе PhD докторы, ғылым кандидаты);

«Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты), 1 оқытушы (магистр);

«Кадастр және жерге орналастыру» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты).

Политехникалық институт

1. Дайындық бағыты: Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау және «Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар» БББТ (Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі) – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 оқытушы (магистр).

2. Дайындық бағыты: Көлік қызметтері 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы),1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD),1 аға оқытушы (магистр).

3. Дайындық бағыты: Инженерия және инженерлік іс

«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 1 аға оқытушы (магистр);

«Механика және металл өңдеу» БББТ (Тау-кен өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары; Машина жасау; Мехатроника; Робототехникалық жүйелер) – 3 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 3 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 3 аға оқытушы (магистр);

«Электротехника және энергетика» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 оқытушы (магистр);

«Электротехника және автоматтандыру» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (магистр).

4. Дайындық бағыты: Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 1 оқытушы (магистр).

5. Дайындық бағыты: Агроинженерия – 1 аға оқытушы (магистр).

6. Дайындық бағыты: Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау (Физика) – 1 аға оқытушы (магистр);

Цифрлық экономика және тұрақты даму институты

1. Дайындық бағыты: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және «Ақпараттық технологиялар» БББТ – 2 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 3 аға оқытушы (магистр), 2 оқытушы (магистр);

Гуманитарлық, спорттық және әскери даярлық факультеті

1. Пәндік мамандандыру бойынша педагогтерді даярлау:

– «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» БББТ – 4 аға оқытушы (магистр);

– «Алғашқы әскери даярлық мұғалімдерін даярлау» БББТ – 1 оқытушы;

– «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» БББТ – 1 оқытушы.

2. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау:

Биология (жас ерекшелік анатомиясы, физиология және гигиена) – 1 аға оқытушы (магистр).

3. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтерді даярлау

Әлеуметтік-саяси білім беру (тарих, әлеуметтану, психология) – 2 оқытушы (магистр).

4. Тілдер мен әдебиет бойынша педагогтерді даярлау:

– «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББТ (ағылшын тілі) – 3 оқытушы;

– «Орыс тілі» БББТ – 1 оқытушы.

Біліктілік талаптары

Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):

  1. Бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  2. Бейіні бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы.

Аға оқытушы лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):

  1. Бейіні бойынша жоғары арнайы білімі және ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі кемінде 5 жыл.
  2. Бейіні бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
  3. Бейіні бойынша ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі 3 жылға дейін.

Оқытушы лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):

  1. Бейіні бойынша жоғары арнайы білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
  2. Бейіні бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Ректордың атына өтініш (еркін түрде);
  2. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  3. Өмірбаян;
  4. Жоғары білім туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды растайтын құжаттардың көшірмелері (түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады);
  5. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмелері (бар болған жағдайда) және түпнұсқалары;
  6. Ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
  7. №075 нысанындағы медициналық анықтама.

Анықтама алу үшін мекенжай: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51, Индексі 090009, Әкімшілік корпус, Персоналмен жұмыс басқармасы.

Телефон: 8 (7112) 50-24-63.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2026 жылғы 21 тамыз, сағат 18:00-ге дейін.