
ТДМ 4. Сапалы білім беру 18 Ұлттық индикатордан тұрады (https://stat.gov.kz/ru/sustainable-development-goals/goal/4/). Жалпы, көптеген көрсеткіштер бойынша жақсару байқалады. Алайда, инклюзивті білім беруге, инфрақұрылымды қамтамасыз етуге байланысты индикаторлар ерекше назар аударуды қажет етеді. Мәселен, талданып отырған кезеңде апатты мектептердің үлесі 0,4-тен 0,7% – ға дейін өсті. 2022 жылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 81,8% – ы және 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 98,5% – ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды. Қосымша біліммен 3,1 млн. бала немесе 81,1% қамтылды.
Жәңгір хан Университет ұлтына, жынысына, дініне, денсаулығына, әлеуметтік және қаржылық жағдайына қарамастан Қазақстанның және шетелдің барлық азаматтары үшін өмір бойы инклюзивтілік, кемсітушілікке қарсы және сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету саясатын ұстанады.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ” КЕАҚ сапалы білім алу үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды, студенттерге қызмет көрсету орталығының барлық қызметтерін алуға жәрдем көрсетеді, мүмкіндігі шектеулі жандарға университеттің қоғамдық өміріне қатысу мүмкіндігін ұсынады.
Ғылыми жобалар каталогында мәліметтер жоқ