Covid-19

Жәңгір хан университеті / Coronavirus (COVID-19) студенттер, профессорлар мен қызметкерлерге арналған ақпарат

Біз сіздерде барлығы дұрыс деп және денсаулық пен барлық сақтық шараларын сақтап жүрсіздер деп үміттенеміз! Сізге ыңғайлы болу үшін белсенді сілтемелердің тізімін ұсынамыз, оларға өту арқылы сіз COVID-19 алдын алу туралы барлық қажетті ақпаратты, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен соңғы жаңалықтарды ала аласыз!
1
Омикрон. Басқа штамдардан айырмашылығы қандай?
Ғалымдар коронавирус инфекциясының жаңа штамы – «Омикрон» да аса жұқпалы деп дабыл қағуда. Омикрон – 50-ден астам мутацияға шалдыққан, S-дәнекер ақуызда 32 мутация анықталған.
• Omicron вирусының жұқпалылығы 3 есе көбеюімен өзгешеленіп отыр.
• Omicron «Дельта» штамымен салыстырғанда, қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады. «Дельтада» инкубация уақыты 5 күн болса, «Омикронда» 2 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Ал өзге штамдарда бұл кезең 14 күнге дейін ұлғайған.
• Бұл штамм өте тез таралады. Әсіресе, АҚШ пен Еуропа өңірлерінде басымдылыққа ие болып отыр. Күн сайын індет жұқтыру көз ілеспес жылдамдықпен артуда. ДДСҰ «Омикрон» әлемнің 100-ден астам елінде табылғанын хабарлады.
2
Клиникалық көріністері
• «Омикронды» тудырған инфекциялардың басым көпшілігі – бұл симптомсыз түрде немесе суық тиюдің жеңіл ағымы ретінде байқалады.
• Оңтүстік Африкадан келген хабарларға сүйенсек, пациенттердің 80%-ы «Омикрон» жұқтырған соң алдыңғы штамдарға қарағанда, ауруханаға сирек жатқызылады.
• «Омикрон» штамын жұқтырып алған жағдайда аурудың ағымы көбінесе егде жастағы адамдар мен созылмалы инфекциялық емес диагноздары бар науқастарда кездеседі.
• Ауру жұқтырғандардың жалпы саны артқан кезде емделушілер ауруханаға көп жүгінеді. Бұл өз кезегінде аурухана секторына кезекті жүктеменің артуына алып келеді.
3
Есте сақтайтын жайт!
Дерттен айыққандардың 20%-да ұзақ уақыт оңалтудан өтуді талап ететін постковидтік жағдай орын алуы әбден мүмкін. Дәрігерлер постковидтік пандемияның туындауы ықтимал деп отыр. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіздер!
4
Коронавирус қалай жұғады?
Коронавирус адамнан адамға ауа арқылын (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде), сондай-ақ науқас пайдаланған тұрмыстық заттар мен алиментарлық жолмен (тамақ, су арқылы) берілуі мүмкін. Ауа, тамақ өнімдері, тұрмыстық заттардан да жұғады.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу