Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты

Институт құрамы  3 жоғары мектептен – «Ветеринариялық және биологиялық қауіпсіздік», «Ветеринариялық клиникалық ғылымдар» және «Мал шаруашылығы және биоресурстар» сонымен қатар, «Жәрдем-Вет» ғылыми-өндірістік орталығы, «BIOTECH» инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы, «Ихтиология және акваөсіру» зертханасынан тұрады.

Бүгінгі таңда институтта 44 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 5 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы бар.

Институт үздіксіз үш сатылы (бакалавриат-магистратура-докторантура) оқыту бойынша келесі мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады: 5В120100-Ветеринарлық медицина, 5В120200-Ветеринарлық санитария, 6В09100/7М09100/8D09100-Ветеринария, 7М05100-Биотехнология, 6В08200/7М08200/8D08200-Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, 6В08400/7М08400-Акваөсіру және су биоресурстары, 6В05200/7М05200-Өнеркәсіптік экология.

Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты зооинженерлік факультет ретінде 1963 жылы пайда болды. 1982 жылы ол зооветеринарлық факультеті болып қайта құрылды. Әр жылдары факультетті ветеринария және мал шаруашылығы ғылымдарының корифейлері басқарды: Ю.А.Артемьев, М.М.Нуралиев, Г.С.Зубков, А.Р.Рустенов, Б.А.Аманжолов, А.З.Зинулин, Г.К.Молдашев, И.К.Ашетов, Ө.Б.Таубаев, К.Ж.Кушалиев, Е.Г.Насамбаев.

Институтты 2017 жылдан 2020 жылдың наурызына дейін Б.Е.Нұрғалиев, 2020 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін І.Н.Жұбантаев басқарды.

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап институтты қауымдастырылған профессор,  в.ғ.к. Нұрғалиев Біржан Елубайұлы басқарады. Директордың орынбасары – в.ғ.к.(ҚР) Абирова И.М.

Факультет деканының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары міндетін әр жылдары: Н.И.Ташкинов, К.Г.Есенгалиев, Т.К.Мурзашев, Р.М.Бисенгалиев, І.Н.Жұбантаев, С.А.Алимбеков, А.У.Сабыржанов атқарды.

Институттың қалыптасуына Э.Т.Сатқанов, В.А.Петровская, В.И.Горюнов, А.А.Қарасаев, К.Г.Кудряков, Г.А.Аверьянов, Г.С.Зубков, А.Ф.Кирпичев, А.Д.Дарбаев, Н.И.Ташкинов, В.Е.Беглецов, Б.Д.Когабаев және т. б. ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Институттың дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалымдар мен профессорлар: Қ.Қ.Бозымов, Б.Б.Траисов, Е.Г.Насамбаев, Ө.Б.Таубаев, Б.Т. Төлебаев, К.Г.Есенғалиев, М.Ш.Шалменов, Г.Г.Абсатиров, Т.К.Мурзашев, М.Г.Гусманов және т. б.

1993 жылдан бастап факультет базасында аспирантура жұмысын бастады, онда жас мамандар мен ғалымдар, ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының түлектері теориялық оқытудан және ғылыми-педагогикалық даярлықтан өтті. Сол жылдары ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес құрылды, оның құрамына жетекші ғалымдар, профессорлар, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары: Қ.Қ.Бозымов, Б.Б.Траисов, Х.И.Укбаев, Г.К.Молдашев, доцент, а.ш.ғ.к. Р.У.Бозымова, Б.Т. Төлебаев, А.Н.Баяхов кірді. Кеңес төрағасы болған а.-ш. ғ. д., профессор Б.Б. Траисов. Осы кезеңде институт түлектері: Р.М. Бисенгалиев, Н.М. Губашев, Н.Ж.Қажгалиев, Ф.Б.Закирова, А.Б.Ахметалиева, І.Н.Жұбантаев, М.Ж.Шүкіров және т. б. кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.

2010-2020 жылдар аралығында ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтында докторантурада оқып, докторлық диссертацияларын (PhD) сәтті қорғаған жас оқытушылар мен түлектер: А.К.Кереев, Ж.М.Валиева, М.Г.Какишев, Л.Ж.Душаева, Н.С.Монтаева, А.Е.Нұғманова, А.К.Жұмаева және т.б. Аспирантурада оқып, кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғағандар: С.М.Баянтасова, И.М.Абирова, Б.М.Сидихов, А.Г.Дарменова, А.У.Сабыржанов, Н.С.Гинаятов, Е.М.Сенгалиев, Г.В.Касимова, А.Н.Туменов, Б.Т.Сариев, Е.А.Батыргалдиев.

Байланыс
Нұрғалиев Біржан Елубайұлы
Директор
04 - 201
1-89, 8 (7112) 50 10 78
Абирова Илана Мұратқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
04 - 205
1-93
Шукуров Марклен Жексенұлы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
04 - 217
2-01
Закирова Фаруза Бахитжановна
Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары
04-103
2-68
Мурзабаев Кенжебек Есмағамбетұлы
Директордың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша орынбасары
04-314
2-72
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу