«Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінде білім беруі бағдарламасы келесі бағытта жүргізіледі:
Жоғары мектепте 20 оқытушы қызмет атқарады, соның ішінде 7 ғылым кандидаты , 13 ғылым магистрі бар. Оқытушылар түрлі халықаралық конгрестер мен конференцияларға, ғылыми семинарларға белсенді қатынасып, тағылымдамалардан өтіп, үнемі біліктіліктерін арттырып отырады.
Жоғары мектепте білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар «Жас химик-мұнайшы» үйірмесі мұнай-газ және химиялық инженерия саласының инновациялық деңгейін көтеру бағытында өз жұмысын жасауда.
Мұнай, газ және химиялық инженерия саласында білікті мамандар дайындау үшін білім алушылар «Конденсат» АҚ, «Оралмұнайгазгеология» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Топан» ЖШС, КПО б.в., «Казнефтехим Оперейтинг» ЖШС, «Контакт Ойл» ЖШС және т.б. кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді.
Бүгінде біздің түлектеріміз еліміздің және алыс-жақын шет елдердің мұнай-газ және химиялық технология салаларында ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда, ірі кәсіпорындарда жұмыс жасайды.
Жоғары мектеп Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен тығыз жұмыс жүргізуде.