Жаңа 10 грант!!!

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған жаңа 10 грант байқауын  жариялайды.  

ЕГЕР СЕН:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
  • Сенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау болса;
  • Өзіңнің soft и hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!

Бұл үшін 17.04 бастап 18.05.2023 ж. дейін қор сайтында онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

Міндетті құжаттар:

  • жеке куәліктің сканы;
  • оған қосымша дағдылардың не үшін керек екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек мотивациялық хат;
  • Түйіндеме/CV.

Қосымша құжаттар:

  • Үміткердің белгілі бір саладағы жетістіктерін және/немесе мүдделерін көрсететін портфолио және тиісті растауды ұсыну – 3 құжаттан артық емес;
  • Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
  • Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар-3 құжаттан артық емес*;
  • Жеке, ұжымдық жарияланымдар – 2-ден артық емес;
  • Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
  • Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу