«SMART CITY: ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ»

Құрметті әріптестер!

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебі 2023 жылғы 17 қазанда Erasmus+ACeSYRI «Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасы шеңберінде университеттің 60 жылдығына арналған «SMART CITY: ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияға қатысуға «Ақылды қалаға» арналған зияткерлік ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің заманауи мәселелеріне қызығушылық танытатын ғалымдар, сарапшылар, журналистер, практиктер, түрлі білім беру және ғылыми салалардың жас зерттеушілері шақырылады.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2023 жылғы 10 қазанғадейінгі мерзімде 1-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген мақаланы жолдау қажет.

Мақаланы жариялау үшін mizamgul@mail.ru. электрондық поштасына жіберу керек.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу және жинақтың электронды нұсқасында мақала жариялау тегін.

Конференция нәтижелері бойынша университет сайтында орналастырылатын тезистер жинағын электронды түрде шығару көзделген.

Қатысу формалары: күндізгі немесе қашықтықтан.

Барлық тезистер плагиатқа қарсы жүйеде бірегейлікке тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кемінде 70% болуы керек, әйтпесе жұмыс жариялауға қабылданбайды.

Ескертпе: көптеген грамматикалық, орфографиялық, стилистикалық қателіктер жіберілген және көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін автоаудармашыны қолдана отырып аударылған мақалалар жариялауға қабылданбайды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу