15 сәуір 2025 жылы студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ХІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА шақырамыз

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 2025 жылдың 15 сәуірінде студенттердің, магистранттардың және докторанттардың «ҒЫЛЫМҒА ЖОЛ – 2025» атты ХІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтетінін хабарлайды.

Конференцияға университеттің студенттерін, магистранттарын және докторанттарын баяндамаларымен қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысу үшін 2025 жылғы 3 наурыздан 4 сәуірге дейін 1-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген мақаланы жіберу қажет.

Мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберу қажет.

Институт атауыЖауапты тұлғаның толық аты-жөніЭлектрондық пошта, телефон нөмірі
Ауыл шаруашылығы ғылымдары және ветеринария
1Ветеринария және агротехнология институтыБекбусинова Айдана Орынбасаровна  Aidana.bekbusinova@gmail.com 87051665010
2Ветеринария және агротехнология институтыСвотина Марина Александровнаqwerty1223456@mail.ru 87778632212
Техникалық ғылымдар
13Индустриалды-техникалық институтыДжигильдиева Жанылсын Гумаровнаj_zhanylsyn@mail.ru 87055132004
24Политехникалық институтыКалимуллиева Дина Аскаровнаkalimulliyevadina@gmail.com 8-707-341-75-47
Экономикалық ғылымдар
  5Экономика, ақпараттық технология және кәсіптік білім беру институтыТапалова Асель Айткалиевнаtapalova-a@mail.ru;  +7 705 987 7971
Гуманитарлық ғылымдар
66Экономика, ақпараттық технология және кәсіптік білім беру институтыКублашева Жанна Сатыбалдиевнаjkublasheva@mail.ru  87789973051
77Саркулова Галия Ставаловнаgaliyasarkulova@mail.ru 87777611250

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу және жинақтың электронды нұсқасында мақала жариялау тегін.

Конференция нәтижелері бойынша университет сайтында орналастырылатын тезистер жинағын электронды түрде шығару көзделген.

Қатысу формалары: күндізгі, сырттай.

Барлық тезистер плагиатқа қарсы жүйеде бірегейлікке тексеріледі, түпнұсқалық деңгейі кемінде 70% болуы керек, әйтпесе жұмыс жариялауға қабылданбайды.

Ескертпе: көптеген грамматикалық, орфографиялық, стилистикалық қателерге жол бере отырып, автоаудармашыны қолдана отырып аударылған және көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жариялауға қабылданбайды.

Авторлар қосымша әдебиеттер тізімінде келтірілген деректердің дұрыстығына, сондай-ақ қолжазбада келтірілген дәйексөздердің, фактілердің, статистикалық мәліметтердің дәлдігіне жауап береді.

Талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген тезистер жариялауға қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысу үшін баяндамаларды іріктеу және редакциялау құқығын өзіне қалдырады.

Қосымша 1

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Мақалалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:

1. Заманауи ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және экологияның ғылыми басымдықтары

2. Машина жасау, құрылыс және мұнай-химия инженериясындағы инновациялар

3. Азық-түлік қауіпсіздігінің, агрономияның және жер ресурстарының өзекті мәселелері

4. Ақпараттық технологиялардың, білімнің, экономиканың және қоғамның инновациялық дамуы: басымдықтар мен тәжірибе

5. Агротехникадағы, көліктегі, электротехникадағы және автоматтандырудағы жаңа технологиялар

Жариялауға ұсынылатын материалдар келесідей талаптарға сәйкес болу керек:

1. Мақала қатаң түрде МЕМСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланған материалдардың баспа дизайны» бойынша рәсімделу керек.

Баспа материалдарының элементтерінің реттілігі келесідей:

– ӘОЖ индексі (ғылыми кітапханаларда бар индекстеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес);

– авторлар туралы мәліметтер (фамилиясы, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, қаласы көрсетілген);

– жарияланған материалдың тақырыбы (бас әріппен, қалың, 12 шрифтпен, Times New Roman, Times New Roman KKEK, абзац орталықтанған);

– 5 сөйлемнен аспайтын түйін (жарияланған материалдың мәтіні тілінде беріледі);

– 5 сөзден аспайтын түйінді сөздер;

– мақала мәтіні;

– пайдаланылған әдебиеттер тізімі (МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба». Библиографиялық жазба. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары» (12 атаудан көп емес), сілтемелер мәтінде көрсетілгендей орналастырылады.

– 5 сөйлемнен аспайтын резюме (егер мақаланың мәтіні қазақ тілінде болса, онда түйіндеме орыс және ағылшын тілдерінде, егер мәтін ағылшын тілінде болса, онда түйіндеме қазақ және орыс тілдерінде жазылады).

2. Материалдар электронды түрде, Word A4 редакторында парақтың барлық жағынан 2,0 см жиектерімен, абзац – 1,0, Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі 12, жоларалық интервал – 1.

3. Графикалық материал мәтінге еніп, графикалық редакторда жасалу керек. Сурет астындағы барлық белгілерді көрсете отырып келтіріледі. Реті бойынша нөмірленген кестелердің тақырыптары болуы керек (кестелер – 3-тен көп емес, суреттер – 5-тен көп емес).

4. Қолжазбаның жалпы көлемі аннотацияларды, қысқаша мазмұнын және суреттер мен кестелерді ескере отырып, 5 беттен аспайды.

5. Мақалаға міндетті түрде бірінші автор қол қояды (мақалада 2 автордан артық емес). Бір авторға жинақта 1 мақаладан артық емес жариялауға рұқсат етіледі.

Қатысуға өтінім формасы:

Баяндаманың атауы 
Т. А. Ә. 
Ұйым 
Академиялық дәрежесі 
Мекенжайы 
Телефон, e-mail 
Күні 
Қолтаңба 

Мекенжайы: «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ:

090009, Қазақстан Республикасы

БҚО, Орал қ., Жәңгір хан көшесі, 51

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ

ҮЛГІ

ӘОЖ 338.436.33

Қарабалин Н.Ш., магистр

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ.

Иванов И. и., жетекші

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ӨЗІН-ӨЗІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Түйін

Мақалада ……

Түйінді сөздер: 5 сөз

Мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

АННОТАЦИЯ

RESUME