Жәңгір хан университетінде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Атаулы күнге орай Жәңгір хан университетінде бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.

«Рәмізден туған шабыт»: Жәңгір хан университетінде шеберлік сағаты өтті

Жәңгір хан университетінде «Рәмізден туған шабыт» тақырыбында жас суретшілер мен оқытушыларға арналған шеберлік сағаты өтті.

Ашық аспан астында өткен іс-шара 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылды.

– Бүгінгі шеберлік сағатына университеттегі гуманитарлық, спорт және әскери даярлық факультетінің «визуалды өнер, көркем еңбек және графика» білім беру бағдарламасының І курс студенттері қатысып отыр. Шеберлік сағаты Рәміздер күніне арналады. Бірақ жастар суретті қатып қалған қағиданы ұстанбай-ақ, еркін тақырыпта сала алады. Әр студент өзі жеткізгісі келген дүниені шығармашылық еркіндікпен қағаз бетіне түсіріп жатыр, – дейді «Визуалды өнер, көркем еңбек және графика» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы Саясат Рысқалиев.

Шеберлік сағаты шығармашылық әрі еркін атмосферада өтті.