Жәңгір хан университетінде ғылыми жұмыстар конкурсы өтті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы өтті.

Индустриалды-технологиялық институтында «7М07302 – Жерге орналастыру» және «7М07100 – Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламалары бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының (МҒЗЖ) конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №14-0/1382-ВН хаты және университеттің оқу жұмысы жөніндегі проректорының бұйрығы негізінде өткізілді. Конкурстық комиссия құрамына университеттің профессор-оқытушылар құрамы (PhD, доценттер, аға оқытушылар) және өндірістен мамандар (БҚО жер ресурстарын басқару департаменті, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы») енді. «7М07302 – Жерге орналастыру» бойынша үш жоғары оқу орнынан (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Сәтбаев университеті және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) бес жұмыс, ал «7М07100 – Химиялық инженерия және процестер» бойынша төрт жоғары оқу орнынан (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) сегіз жұмыс қаралды.

«7М07302 – Жерге орналастыру» бойынша нәтижелерге тоқталсақ: І дәрежелі диплом иегері – Аида Құрманғалиева (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), ІІ дәрежелі диплом иегерлері – Айжан Меңлен (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) және Алуа Жақанова (Сәтбаев университеті), ІІІ дәрежелі диплом иегерлері – Жазық Қонысбаева және Әміржан Әзбергенов (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ).

«7М07100 – Химиялық инженерия және процестер» бойынша нәтижелер: І дәрежелі диплом иегері – Шұғыла Атуова (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), ІІ дәрежелі диплом (ІІ орын) иегерлері – Мағжан Бекхожаев (Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) және Камила Ерланова (Қарағанды техникалық университеті), ІІІ дәрежелі диплом иегерлері – Мархабат Мырзабекова (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Самал Абуова және Индира Нурекешева (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ).

Барлық жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдарымен марапатталады.

Жадыра Тасанова,

Индустриалды-технологиялық институты директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Фото: Жасанды интеллект (AI) көмегімен жасалған иллюстрация