«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026»

Жәңгір хан университетінде дәстүрлі «Бос орындар жәрмеңкесі» іс-шарасы өтті.

Шараның басты мақсаты – университет түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал ету, кәсіпорындар мен оқу орны арасындағы байланысты нығайту. Жәрмеңкеге университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің, БҚО Стратегия және даму басқармасының,  БҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» мемлекеттік мекемесінің, Орал қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының, «Қаржы орталығы» АҚ мамандары, кәсіпорын өкілдері және бітіруші курстың студенттері қатысты.

Шара барысында білім алушыларға мамандар «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Дипломмен – ауылға» сынды мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, жалпы ақпарат берді. Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларын түсіндірді. «Қаржы орталығы» АҚ маманы «Мемлекеттік білім беру грантын міндетті өтеу» туралы таныстырылымын өткізеді. Сонымен қатар жұмыс беруші кәсіпорындар өкілдері бос лауазымдар бойынша үміткерлермен әңгімелесулер өткізсе, облыс аудандары әкімдерінің аппарат басшылары мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алатын түлектермен кездесті.

Loading…