Жәңгір хан университетінде Ғылым айлығы және Геологтар күніне орай «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» атты шара ұйымдастырылды.
Индустриалды-технологиялық институтындағы Геологиялық мұражайда өткен шараға институт директоры Асқар Бакушев, профессор-оқытушылар мен «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Сонымен қатар «Зерек» орталығының жетекшісі Манарбек Жұмабай шараға қонақ ретінде шақырылды.
Ұйымдастырушылар алдымен геолог ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянына тоқталып, отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі мен еңбек жолы туралы әңгімеледі. Ал Манарбек Жұмабай «Қазақ қоғамының идеалы» деген тақырыпта баяндама жасады. Іс-шара «Геологиялық квиз» атты интеллектуалды ойынмен жалғасты.

