Жәңгір хан университетінде өткен «Университеттегі жасанды интеллект және цифрлық шешімдер» атты студенттік жобалар көрмесіне БАҚ өкілдері қатысты.
«Цифрландыру және жасанды интеллект» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрмеде білім алушылардың ЖИ көмегімен жасаған жобалары таныстырылды. Журналистер студенттердің инновациялық жобаларына қызығушылық танытып, университетте жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды әртүрлі қызмет салаларына енгізу бағытында жасалып жатқан жұмыстармен де танысты. Цифрлық даму орталығының директоры Гаухар Камалова БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, аталған бағыттағы бастамалар мен жетістіктерге тоқталды.

