Жәңгір хан университетінде «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясы өкілдерімен кездесу өтті.
Компания мамандары аграрлық орталықты дамыту мақсатында заманауи цифрлық технологияларды қолдануға қабілетті талантты студенттерді қолдауға бағытталған «Digital Agroleaders 2026» конкурсының алғашқы кезеңі басталғанын хабарлады. Конкурс агрономия, ақпараттық технологиялар, аграрлық техника және технологиялар, ауыл шаруашылығын механикаландыру, мехатроника бағыттары бойынша 2-4 курс білім алушылары үшін ашық. Кездесуді университеттің «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы ұйымдастырды.
