Жәңгір хан университетінде «Некеге мәжбүрлеу және сталкинг – құқық бұзушылық» тақырыбында кездесу өтті.
Шарада алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов аталған тақырыптың маңызына тоқталып, студенттерді келген қонақтармен таныстырды.
БҚО ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Олжас Ыбрайымов елімізде әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы республикалық ақпараттық науқан басталғанын жеткізді. Сонымен қатар некеге мәжбүрлеу, сталкинг және басқа да алаяқтық әрекеттер туралы түсіндіріп, жастарды құқық бұзбауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева ақпараттық науқан аясындағы «QURMET» челленджіне назар аудартып, білім алушыларды осы шараға атсалысуға үндеді. БҚО ПД отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Диляра Сатарова сталкинг туралы ақпарат беріп, одан қорғану жолдарына тоқталды.
