Жәңгір хан университетінде «Жоғары білім берудегі инклюзивті оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Ұйымдастырушы – Қашықтықтан және қосымша білім беру бөлімі. Курс жүргізушісі – «Әлеуметтік-психологиялық қолдау және инклюзивті білім беру қызметі» психологы, аға оқытушы О.Ерниязов. Оқыту үрдісінде заманауи оқыту әдістері, топтық, жұптық жұмыстар қолданылды. Білім алушылар топтарындағы психологиялық климатты жақсарту, өзіне сенімділікті арттыру, стресстің алдын алу мен психологиялық саулыққа мән беру бағытында жұмыстанады.