Жәңгір хан университетінде «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының ұйымдастыруымен «ДСК Приоритет» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті.
Шараға «Құрылыс инженериясы», «Құрылыс материалдарын өндіру», «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттері қатысып, жол құрылысымен айналысатын аталмыш мекеменің атқаратын жұмысымен танысты. Алдымен сөз алған «ДСК Приоритет» ЖШС-ның Сынақ зертханасының басшысы Ерболат Тастенов компания туралы толық айтып өтіп, құрылыс саласында білім алып жүрген жастарды өндірістік тәжірибеден өтуге және тұрақты жұмысқа шақырды. Ал БҚАТУ түлегі, бүгінде компанияда инженер-зертханашы болып еңбек етіп жүрген Данияр Шаукенев жас мамандарда жұмыс жасаймын деген ниет болса, барлық мүмкіндіктер жасалатынын жеткізді.
Кездесу барысында қонақтар білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, жұмысшылардан ұқыптылық, өз міндетіне деген жауапкершілік талап етілетінін айтты.

