Үшжақты меморандум

Жәңгір хан университеті әлеуметтік серіктестік орнату бағытында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасымен үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бұл салтанатты рәсімге БҚАТУ оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Нұркен Губашев, БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін у.а. Жанболат Жаншин, Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанбаев қатысты.

Алдағы уақытта үш тарап кәсіби білімді мамандар даярлау, олардың тәжірибелік дағдысын жетілдіру, еліміздің игілігіне қызмет ету бағытында бірлесе жұмыстанатын болады.

📚 Loading…