Арқан тартыстан – бас жүлде

Жәңгір хан университетінің спортшылары Астана қаласында өткен «Ауыл ойындары» республикалық турнирінде жүлделі орындарды иеленді.

         Еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар жиналған турнирге қатысушылар футзал, асық ату, садақ ату, арқан тартыс, қазақ күресi, ләңгi тебу спорттық ойындарынан өзара тартысқа түсті. Облысымыздың намысын спорттың екі түрінен қорғаған БҚАТУ білім алушылары жүлдеден құр алақан қалмады. Құрамында Әлинұр Амангелдиев, Ерген Күлшетұлы, Арман Абдолла, Шапағат Тілеуғали, Бекарыс Орынғали, Еркінбек Жетібаев болған құрама команда арқан тарту ойынында ешбір командаға дес бермей, бас жүлдені жеңіп алды. Ал қазақ күресінен университет палуаны Сұлтанбек Қайырмұханбет жүлделі 3-орынға ие болды.

📚 Loading…