Жәңгір хан университетінде өткен жас ғалымдар кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінде төрағаны қайта сайлау мәселесі талқыланды.
Отырысқа ғылым жөніндегі проректор, профессор Ә.Шәмшідін, ғылым және технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры, профессор И.Бейшова, Ветеринария және агротехнология институтының профессоры Б.Траисов және университеттің жас ғалымдары қатысты.
Басшылық тарапынан Сынау орталығының «Биотехнология және жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Н.Ғинаятовтың кандидатурасы ұсынылып, қатысып отырған жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің ашық дауыс беруі барысында бірауыздан қабылданған шешіммен аталған кандидатура бекітілді.
Сонымен қатар жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары болып, Сынау орталығының Агрохимиялық талдау зертханасының меңгерушісі, PhD М.Хиясов сайланса, әр құрылымды бөлімшеден жауапты тұлғалар тағайындалды: PhD, қауымдастырылған профессор А.Ковальчук (Сынау орталығы); PhD Е.Сенғалиев (Ветеринария және агротехнология институты); аға оқытушы Л.Диярова (Цифрлық экономика және тұрақты даму институты); аға оқытушы Е.Қайырғалиев (Политехникалық институт); докторант Ж.Төлеуғалиева (Индустриалды-технологиялық институт).
Басшылық А.Нұғмановаға (2023-25 жылдары аралығындағы жас ғалымдар кеңесі төрайымы) атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, кеңестің жаңа құрамына сәттілік тіледі.
