Жәңгір хан университетіндегі «Әскери кафедрада» қаламыздағы Жоғары инженерлік-техникалық және Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледждерінің студенттеріне арналған таныстыру экскурсиясы өтті.
Бұл іс-шараны әскери кафедра бастығының әскери-патриоттық және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, запастағы майор Сұлтанияр Базарғалиев ұйымдастырды. Экскурсия барысында студенттер кафедраның қызмет бағытымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу үдерісімен танысты. Бұл кездесу жастарға әскери күннің біркүндік тынысын сезініп, әскери өмірдің ерекшеліктерімен етене танысуға мүмкіндік берді.
Мұндай шаралар жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға және болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.