«Қайта өңдеу – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру құралы»«Қайта өңдеу – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру құралы»

Жәңгір хан университетінде 15 қараша – Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне орай осындай атаумен ауқымды іс-шара өтті.

Шараны Цифрлық экономика және тұрақты даму институты ұйымдастырды. Басты мақсат – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қайта өңдеу саласының рөлін талқылау, мемлекеттік құрылымдар, білім беру мекемелері, бизнес және коммерциялық емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою, жастарды қайта өңдеу жобаларына тарту бойынша табысты тәжірибелермен бөлісу.

Алдымен университет қызметкерлерінің, БҚО бойынша Экология департаменті мен БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Ал шараның екінші бөлігінде қонақтар «Қалдықтардан – өнерге: тұрақты әлемге арналған идеялар көрмесі» атты көрме-байқауға қатысушы мектеп оқушылары мен БҚАТУ-дың «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасы студенттерінің жұмыстарын тамашалады. Мұнда жастар өздерінің түрлі тұрмыстық қалдықтардан жасалған қолөнер жұмыстары мен бизнес-жобаларын көрсетті. Үздік жұмыстар Жәңгір хан университеті мен қайта өңдеуші кәсіпорындар тарапынан марапатталды.  

📚 Loading…