Жәңгір хан университетінде Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – экономикалық тәуелсіздіктің нышаны» атты қонақ дәрісі өткізілді.
Оған «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ БҚО филиалының экономист маманы Гүлжазира Шынтаева мен аға сарапшы-кассир Темірлан Қуанышев және «Цифрлық экономика және тұрақты даму» институтының білім алушылары қатысты. Дәріс барысында ұлттық валюта – теңге банкноттары және олардың қорғаныш элементтері туралы бейнероликтер көрсетілді. Мамандар білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Төл теңгеміздің мерекесіне орайластырылған шараны аталмыш институттың аға оқытушылары Альберта Абдешова, Айсұлу Тюмамбаева және Бақытгүл Базарова ұйымдастырды.
