Вейптер мен дропперліктен сақтаныңыздар!

Бүгін Жәңгір хан университетінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ақпараттық дәріс өтті.

Дәріске Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысып, бірінші курс студенттеріне вейптер мен дропперліктің қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Департамент мамандарының айтуынша, бүгінде оқу орындарының білім алушылары – қауіп-қатер тобына жататын азаматтардың қатарында. Сондықтан бұл шара жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар дәріс барысында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өндірісінде болған қылмыстық істер бойынша практикалық кейстер мен пайдамалы бастамалар ұсынылды.

📚 Loading…