Жәңгір хан университетінде «Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғамның кепілі» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға Гуманитарлық және спорттық пәндерді оқыту орталығының аға оқытушысы, философия ғылымдарының PhD докторы Мақсот Джангужиев, БҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Әділет Тілеуқұлов, «Парасат» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Мұратхан Нәбиғалиев қатысты. Кездесуде мамандар білім алушыларға қоғамдағы қауіпсіздік, мемлекет пен діннің өзара байланысы, радикалды идеологиялардың белгілері мен олардан сақтану жолдары, құқықтық сауаттылық төңірегінде пайдалы ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ студенттерге экстремизм мен радикализмге қарсы тұруда маңызды ақпарат беретін бейнеролик ұсынылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
