Жәңгір хан университетінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Халық жазушысы, патриот ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына орай «Кісен ашқан» поэмасын оқу шарасы өтті.
«Біз оқитын 100 кітап» шарасы аясында READx форматында өткен шараны «Парасат» ақпараттық білім беру және Тілдерді дамыту орталықтары бірлесе ұйымдастырды.
Шара барысында Жұбан ақынның өмір жолы мен шығармашылығы, «Кісен ашқан» поэмасының жазылу тарихы туралы мәлімет айтылды. Сонымен қатар білім алушылар аталған шығармадан үзінділер оқып, өз ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
