«Студент» атанған күн

Жәңгір хан университетінде «Студенттер қатарына қабылдау – 2025» салтанатты шарасы өтті.

 «Жастар бастамасын дамыту» орталығы ұйымдастырған салтанатты іс-шара реформатор қазақ ханы Жәңгір Бөкейұлы туралы театрландырылған қойылыммен ашылды. Бұдан әрі бірінші курс студенттері ант қабылдап, оларға символдық мән-мағынасы терең білім кітапшасы мен білім кілті табысталды.

 Салтанатты шара барысында сөз алған университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев және жас ғалым, PhD доктор Аружан Нұғманова студенттерді құттықтап, ақ жол тіледі.

Мерекелік шарада университеттің өнерпаз жастарынан құралған «Тұмарым» вокалдық ансамблі, «Ерке нұр» ұлттық би ансамблі, «Нарын сазы» ұлттық аспаптар ансамблі ұжымдары өнер көрсетті.

📚 Loading…