ҚР Конституциясына – 30 жыл

Жәңгір хан университетінде «Ата Заңым – азаттығымның айғағы» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған жиынға университет проректоры Ақылбек Сұлтанов, БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты. Дөңгелек үстелді оқытушы, магистр Мұхтар Сүлейменов жүргізді. 

Университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы ҚР Конституциясы күні барша қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын, бірлігі мен татулығын арқау еткен маңызды мереке екенін атап өтті. Ал облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Болатқызы университет ұжымын облыс әкімі атынан құттықтап, дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ негізгі Заңның қоғамдағы орны, өміршеңдігі туралы ой қозғады.

Бұдан әрі тарихи құжат туралы баяндамалар оқылып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

📚 Loading…