Халықаралық ғылыми ынтымақтастық

Жәңгір хан университетіне 20-21 маусым күндері Венгриядан әлемдік Голштин ассоциациясының жетекші ғалымы Tamas Sebok арнайы сапармен келді. Сапар аясында университет ғалымдары венгриялық ғалыммен бірге BR22886157 «Селекциялық-технологиялық және молекулалық-генетикалық әдістер арқылы сүтті мал шаруашылығының генетикалық ресурстарын басқару, сақтау және ұтымды пайдалану» бағдарламасы аясында «AMANAT» шаруа қожалығында болып, мал шаруашылығын дамыту саласындағы тәжірибесімен танысты.

Кездесу барысында үш тарап – университет ғалымдары, шаруа қожалығы өкілдері және шетелдік жетекші ғалым Tamas Sebok мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды голштин ірі қарасының генетикалық және селекциялық қасиеттерін жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми пікір алмасу жүргізді. Tamas Sebok Венгриядағы қазіргі таңдағы селекциялық әдістер мен генетикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.

Бұл кездесу үш тарап үшін де маңызды ғылыми ынтымақтастықтың әрі қарай нығаюына ықпал етіп, мал шаруашылығындағы селекциялық процестер мен асыл тұқымдық жұмыстардың тиімділігін арттыру бағытында жаңа мүмкіндіктер туғызды.

📚 Loading…