Жәңгір хан университетінің өкілдері Мичурин мемлекеттік аграрлық университетінің халықаралық байланыстар бөлімі ұйымдастырған салтанатты онлайн кездесуге – «Жеңісті жақындатқандар» атты телекөпірге қатысты.
Университет атынан бұл кездесуге тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Замзагүл Сұлтанова, Политехникалық институт директорының орынбасарлары Әділ Ибраев пен Нұржүз Утемисова, сондай-ақ Мичурин мемлекеттік аграрлық университетінің аспиранттары мен Ветеринария және агротехнология институтының студенттері қатысты. Кездесуге Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы, Гродно мемлекеттік аграрлық университеті және Ош мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері де қосылды.
Іс-шара барысында ресми бөлімнен бөлек, студенттер Ұлы Отан соғысына қатысқан өз туыстары туралы баяндамалар оқыды. Әсіресе, ЭС-13 тобының студенті Меңдібай Мансұрдың Юрий Левитанскийдің «Ну что с того, что я там был» атты өлеңін тебірене оқыған сәті ерекше әсер қалдырды. Осындай мағыналы іс-шараны ұйымдастырып, қатысу мүмкіндігін бергені үшін ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз!



