Бүгін Жәңгір хан университетінде «Ғылым айлығы» аясында «Алма бағының қыстап шығудан соңғы жәй-күйі» тақырыбында ғылыми-практикалық талдау шарасы өтті.
Ветеринария және агротехнология институтының доцент м.а., а.ш.ғ. кандидаты Мейрамгул Мусина ұйымдастырған шараға өндіріс орындарының өкілдері және «Агрономия» білім беру бағдарламасының (АН-11,21, ЗКР-21, АН-31) білім алушылары қатысты. Дәріс оқыған «С.Исаев атындағы экспериманталдық коллекциялық тәлімбақтың» жетекшісі Қайрат Кәрімов жеміс ағаштарына қажетті факторлар, оларды осы факторлармен қамтамасыз ету деңгейi, өңірімізде көп кездесетін алма ағашының ауруларымен күресу шаралары туралы құнды мағлұматтар берді.
Білім алушылар үшін қажетті ақпараттармен бөліскен тәлімбақ жетекшісі Қайрат Кәрімовке ұйымдастырушылар алғыс білдіреді.
