Әр бейсенбі – этностиль күні

Жәңгір хан университетінде аптаның бір күні «этностиль күні» болып белгіленді.

Ұлттық құндылықтарды қолдайтын Жәңгір хан университетінің оқытушылары мен білім алушылары әр бейсенбі сайын оюлы кәжекейлері мен шапандарын, зерлі тақияларын киіп, өз ұлтымыздың қайталанбас ерекшеліктерін паш етіп жүр. Этностиль күні университет қызметкерлерінің және белсенді студенттердің мұрындық болуымен жүзеге асырылуда.

БҚАТУ ұжымы мен студент-жастары Наурыздың тойлануын, ұлттық киімдер күнінің келуін күтпей-ақ, білім ордасын сұлулық пен сәнге толтыруда. Тағы бір айта кетерлігі, Жәңгір хан университетінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған дәстүрлі «Жеті қазына» жобасы аясында бірнеше бағыт бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Онда ұлттық салт-дәстүрлеріміз, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміз, ұлттық ойындарымыз көрініс табуда. 

 

📚 Loading…