Қонақ дәріс өтті

Жәңгір хан университетінде «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының ұйымдастыруымен қонақ дәріс өтті.

«Фермер агро орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және «Агрономия», «Өсімдіктерді қорғау және карантин», «Аграрлық техника және технология», «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» білім беру бағдарламаларының білім алушылары мен оқытушылары қатысты. Басты мақсат – білім алушылардың өндірістік тәжірибелерін ұйымдастыру және оларды жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыруға ықпал ету.

Қоғамдық бірлестіктің мамандары аталмыш мекеменің жұмыс бағытымен таныстырып, бүгінде аграрлық сала бойынша жоғары кәсіби білім алудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде студенттер «Фермер агро орталығы» өкілдеріне сұрақтар қойып, дәріске қызығушылық танытты. Сонымен қатар оқытушылар алдағы уақытта орталықта практикаға бағытталған сабақтар ұйымдастырып, болашақ мамандық иелерін саламен жақынырақ таныстыруға ниет білдірді.        

📚 Loading…