APOLLO e.V. өкілдерімен кездесу

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетіне Германиядан Шығыс Еуропадағы ауыл шаруашылығы, экология және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы ынтымақтастық қауымдастығының «APOLLO e.V.» делегациясы келді.

Қонақтар оқытушылармен және білім алушылармен ақпараттық кездесулер барысында Германияның ауыл шаруашылығы құрылымдарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы айтты. Осы бағдарлама бойынша тағылымдамадан өткен студенттер өз тәжірибелерімен және әсерлерімен бөлісті.

Loading…